$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбелік 10 жасар қыз үкіметке: "Бізді неге қорлайсыздар?" (ВИДЕО)

Су тасқынынан зардап шегіп жатқан Ақтөбе облысы тұрғындарының билікке деген өкпесі қара қазандай. Жүздеген отбасы баспанасынан айрылып отыр деп жазады "Диапазон" порталы. Судан зардап шеккен халық жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Алайда, көбісі құжаттан басқа өзімен бірге ешнәрсе ала алмаған.

Махамбет ауылында тұратын Махаббат есімді 10 жасар қыздың отбасы да үйсіз қалды. Анасы Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, үйдің отағасы жүрек ауруымен ауырады екен. Өз қолымен салған баспанасының қирап жатқанын әлі көрмепті. Көрсе жүрегіне тағы салмақ түсетіні сөзсіз дейді ол. Ал, 4-сыныпта оқитын Махаббат болса қираған үйде кітаптары мен мектепке киіп баратын формасының қалып кеткенін айтып жылап жүр.

"Біз бұл үйді салу үшін ақшаны тыйындап жинаған едік, енді бәрін су шайып кетті. Үкімет неге уақытылы көмекке келген жоқ", - деп жылады 10 жасар қыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары