$ 498.34  519.72  4.85

Тегін арықтағыңыз келсе Атырауға барыңыз

Атырауда семіздікке шалдыққан науқастарға тегін операция жасап жатыр. Өткен аптада артық салмағы бар үш адамға ота жасалған деп жазады "Мой город" порталы. Олардың әрқайсысының салмағы 130 келіден кем болмаған.

"Операция жасаудағы мақсат - адам асқазанының көлемін 100-150 мл-ге дейін кішірейту. Мұнан кейін адам не жесе де тез тойып, көп тамақтанбайды. Тиісінше, арықтау процесі жүреді. Яғни, ешқандай дәрілердің көмегінсіз адам табиғи жолмен жылына 70-80 келіге дейін салмағын жоғалтады", – Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Саин Шомиров.

Оның айтуынша, былтырдан бері семіздікке шалдыққан 23 науқасқа тегін ота жасалған. Барлығы да сәтті аяқталыпты.

Бұрындары Атырауда асқазанды кішірейтуге арналған операция жасалынбайтын. Қазір жергілікті мамандар лапороскопиялық отаның қыр-сырын меңгеріп, науқастарға өздері тегін көмектесуде. Ал, мұндай көмекті алу үшін ең алдымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайты арқылы өтініш беріп, кезек күту керек. Кейін кардиолог, эндокринолог, хирург сынды дәрігерлердің тексеруінен өтіп, олар науқасты операцияға дайындайды. Операция қажет емес деп табылғандарына арнайы диета жазылады.

"Мұндай операцияларды жасауды біздің мамандар Литваға барып үйреніп келді", – дейді Саин Шомиров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары