$ 445.66  474.58  4.78

Елімізде аурухана қызметкерлерінің саны қысқарады - министр

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, медициналық мекмелерге қатысты жаңа норматив бір айдың ішінде қабылдануы тиіс. Үкімет аталған бастаманы қолдады. Соның аясында ауруxаналарды біріктіріп, әкімшілік штатты қысқарту жоспарланып отыр деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз нормативті бір айдың ішінде қабылдаймыз деп ойлаймын. Үкімет отырысында ол мәселе келісілді. Қазір аймақтармен талқылап жатырмыз. Нормативке сәйкес, монобейінді, яғни бір саламен шектелетін ауруxаналарды салуға рұқсат берілмейді. Ондай мекемелерді тек үлкен ауруxаналардың бөлімшесі ретінде ғана соғуға болады. Ал қазіргі ауруxаналарға келер болсақ, біз жергілікті органдармен бірлесе отырып, бір-біріне жақын тұрған медициналық мекемелерді қосу арқылы мультибейінді ауруxаналарды құруға басымдық беретін боламыз. Жылдың аяғына дейін инфрақұрылымды дамыту жоспарын бекітеміз де, 1 қаңтарда тиісті шараларды бастаймыз», - деді Біртанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кеткен жөн, Үкімет отырысы кезінде министр ауруxаналарды қосқанда әкімшілік аппаратты қысқартып, жыл сайын 10,7 млрд теңгеге дейін бюджет қаражатын үнемдеуге болатынын жеткізген.

Министрдің айтуынша, ол ақшаға қарпайым дәрігерлердің жалақысын көтеруге болады. Қазірдің өзінде ондай мүмкіндік бар. Бірақ бюджет ақшасы аздау болып тұр. Ал жаңа нормативпен бірге біраз ақша үнемделсе, әрбір ауруxана өз қызмектерлерінің жалақысын көтере алады.

«Қазір бәрі бас дәрігерлердің қолында, қызметкерлердің жалақысын көтеремін десе, ешқандай қарсылық жоқ. Мемлекет медицина саласының еңбекақысын бекітпейді. Бүгінде кез келген медициналық мекеме өзінің құқықтық-шаруашылық формасын өзгертіп, кірістің көлеміне қарай айлықты бекіте алады. Демек, жаңа нормативпен бірге бюджет ақшасы үнемделсе, ондай мүмкіндік болады. Сондықтан дәрігерлердің жалақысы көтеріледі деп сенеміз», - дейді Елжан Амантайұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары