$ 498.51  522.84  4.81

Наурызбай ауданында 500 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылды (ФОТО)

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданындағы №36 жаңа ехананың ресми ашылуына қатысты. Сонымен қатар, салынып жатқан 1200 орынды мектеп пен аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын әкімшілік кешеннің құрылыс барысын тексерді.

500 адам қабылдайтын жаңа медициналық мекемені «Туған жер» бағдарламасы бойынша  «Завод Электрокабель» ЖШС компаниясы  салды. Жаңа емханада алғашқы  медициналық-санитарлық көмекпен қатар коллректальді обыр мен асқазан ауруларының  белгілерін анықтайтын скринингтік зерттеулер жүргізу жоспарланған. Мұнда рентген диагностикасы, офтальмология, оториноларингология кабинеттері ашылған, торакальді және абдимональді колопроктология және басқалары жүргізіледі. Күзде қозғалысы  қиын жандар үшін сауықтыру кабинеті жұмыс істейтін болады. Емханада сондай-ақ, электронді тіркеу, Call-орталық пен Наурызбай ауданының тұрығндары үшін жедел медициналық бригада  қызмет көрсетеді.

Жақында Қалқаман ықшам елдімекенінде 200 адам қатынайтын тағы бір емдеу мекемесі ашылады. Сонымен қатар, Таусамалы  поселкесінде 500  адам қатынайтын емхана салынбақ.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Наурызбай ауданын аралаған кезде салынып жатқан 1200 орынды мектептің, АІІД, аудандық әкімдік, ХҚКО, АХӘТ, прокуратура, сот және басқалары орналасатын кешен құрылыстарының барысымен де танысты. Қала басшысына бұл нысандардың барлығы осы айдың аяғына таман дайын болатындығы, қазіргі кезде ішкі әрлеу мен нысандар айналасын абаттандыру жұмыстарының жүріп жатқандығы айтылды.

Биыл Наурызбай ауданында ұзындығы 107,5 км болатын су және ұзындығы, 81,2 км болатын су айырғыш жүйесі, Таусамалы, Таужолы, Шұғыла, Тастыбұлақ, Акжар, Құрамыс, Қарғалы, Жайлау Ақсай, Қарғалы елдімекендерін орталықтандырылған таза сумен қамтамасыз ететін, әрі су тазалайтын Ақсай және Қарғалыда екі станция салынуда. Сонымен қатар, ұзындығы 24,4 км болатын кәріз коллекторын салу жоспарланған.

Ауданда жаңа үйлер салу, Абай даңғылын Әуезов көшесінен Қалқаман елдімекенінен қала шекарасына дейін үңгілеу, Жандосов көшесін Сайын көшесінен Таусамалы поселкесіне дейін жаңарту, Қалқаман және Алты алаш елді мекендерінде 30 көшені жөндеу, 33 жол салу жұмыстары жүріп жатыр.

Қарғалы өзенінің арнасына ұзындығы 7,7 км бетон конструкциясы төселген соң, оның айналасы абаттандырылады, жасыл желек, гүл клумбалары отырғызылады, кіші архитектуралық формалар қойылады, балалардың ойын  алаңдары жасалады, жаяу жүргінші жолы салынып, жарық көздері орнатылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары