11.08.2017, 04:45

Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады

Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламысын, "Атамекен" бағдарламасы жанындағы "Жомарт жүрек" бағдарламасын іске асыру аясында Астанада киім-кешек жинау үшін арнайы жәшіктер пайда болады.

Акцияна елордалық әкімдік ұйымдастырып отыр деп хабарлайды әкімдіктің медиа-орталығы.

Аталмыш акцияның басты мақсаты - өзгенің қиын жағдайына селқос қарамайтын адамдардың қолданыста емес киімдерін көмекке зәру адамдарға үлестіру, киім-кешек жинау. Керек емес аяқ киім, киім-кешектер мен кітаптарды кез-келген уақытта арнайы орнатылған жәшіктерге салуға болады.

Қиын жағдайға тап болған не болмаса көмекке зәру адамдарға жәрдемдесу үшін ендігіде өзіне қажет емес заттарды қоқысқа емес, арнайы орнатылған жәшіктерге салып, тапсыруға болады: ол киім-кешек, аяқ киім, спорттық құрылғылар, кітаптар, ойыншықтар мен тұрмыстық теxникалар, сөмке және басқа да аксессуарлар болуы мүмкін, дейді ұйымдастырушылар.