26.09.2017, 10:26

Астаналықтар дәрігерге тегін қарала алады

27 қыркүйек күні Астанала Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде «Сау жүрек – басты байлық» ұранымен акция өтеді. Өткізу орны: «Хан Шатыр» ОССО, сағат 15:00-ден 18:00 дейін.

Осы іс-шараның ұйымдастырушылары елордалық Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қ. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Астана қ. Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, ҚР ДСМ ДСҚК болып табылады.Акция мақсаты - салауатты өмір салтын жүргізуге халықты уәждемелеу, скринингтік тексеруден уақытылы өту қажеттілігі туралы азаматтарды ақпараттандыру, алуан түрлі қоғамдық институт өкілдерінің қан айналысы жүйесін аурудан сақтандыру бойынша жұмысқа тарту. Бұл жұмыс жүрек-тамыр ауруларының ауыртпалығын төмендетуге бағытталған.«Хан Шатыр» ОССО-да акция шеңберінде кардиолог, невропатолог, экдокринолог, нутрициолог, ЕДШК дәрігері қабылдайтын «Денсаулық қалашығы» есіктері ашылады.Сондай-ақ, мұнда келушілер артерия қысымын өлшей алады, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтай алады, дене массасының индексін біле алады.Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар қонақтарға артерия гипертониясы, инфарктің алғашқы белгілері туралы әңгімелеп береді, АҚ дұрыс өлшеуді үйрететін болады.