$ 439.43  473.31  4.82

Алматыда «Аман-келешек» мәдени-спорт фестивалі өтті

Алматыда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының спорттық-жаттықтыру кешенінде балаларға арналған «Аман-келешек» IV мәдени-спорт шарасы өтті.

Фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен коррекциялық мектеп-интернаттар, балалар үйі мен орта білім беру мектептерінің 3 000-нан астам оқушысы жиналды.

– «Аман келешек» фестивалі – жыл сайынғы спорттың, денсаулықтың және шығармашылықтың мерекесі. «Аман келешек» фестивалі мүмкіндігі шектеулі мектеп оқушыларын денсаулығы жақсы құрбыларымен біріктіре отырып, Қазақстан Республикасында инклюзивтік қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді, – деді Қордың атқарушы директоры Қанат Жұмабаев.

Шараның шымылдығын олимпиада чемпиондары ашып, өкшелерін басқан өрендерге ізгі тілектерін айтты.

– Қазақстанның болашағы дені сау, білімді жастардың қолында. Сондықтан, жастар алға, Қазақстан алға! – деп Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов жастарға ерекше күш-жігер сыйлады.

Ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балалар мен туа мүгедектікке шалдыққан жастар да осы шараға қатысуға келген. Олардың бәрін біріктіретін ең бірінші фактор – спорт дейді шараны ұйымдастырушылар. Аталған фестиваль оларды өзекке теппей, өзгелермен тең өсіруді, осы арқылы инклюзивтік қоғамды дамытуды мақсат еткен.

– Бұл ең алдымен балалардың мейрамы. Спорттың, денсаулықтың және шығармашылықтың мерекесі. Бұл жолы ғарыш әлемі мен технологиялар тақырыбы таңдалды. Мұндай шара балаларды тек жақсы бастамаларға жетелейді деп сенеміз, – деді Тұңғыш президент қорының жобалар бойынша үйлестірушісі Гүлнар Ершіманова.

«Аман келешек - 2017» фестиваліне Астана, Алматы, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының балалары қатысты. Ұйымдастырушылар әлемде талқыланып жатқан балалар тақырыбын фестивальдың бағдарламасына енгізген. Мәселен, биылғы жылы балалар шексіз ғарыш әлемі мен жаңа технологиялар көрінісін тамашалады. Іс-шаралардың негізгі кестесі 8 тақырыптық алаңға бөлінген, олардың әрбіреуі күн жүйесіндегі планета атауларымен аталады.

Бұл фестивальде қатысушылардың барлығы да жеңімпаз. Олар өз тағдырын жеңіп, тағдырдың жазғанына мойымай, қатарынан қалмай өсіп келеді. Болашаққа құрған өз жоспарлары бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары