$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда БҰҰ өкілдері әйелдер теңдігі тақырыбында семинар-тренинг өткізді

Алматыда мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдеріне және қоғаммен байланыс мамандарына арналған  «Гендер призмасы арқылы тұрақты даму мақсаттары: ұлттық саясатқа бірігу мәселелері және іске асыру үдерісін жариялаудың тиімді тетіктері» атты тренинг өтті. Іс-шараны  ҚР Сыртқы істер министрлігі мен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы өткізді.

Семинар-тренингтің мақсаты – қатысушылардың назарына тұрақты даму мақсаттарының мазмұны мен сабақтастығы, оған қол жеткізу жөніндегі ұлттық индикаторлар жүйесі туралы гендерлік құрамдасқа бағытталған толық ақпаратты ұсыну. Сондай-ақ, Қазақстандағы әйелдер қауымының гендерлік теңсіздік факторларын талдау.

Айта кетейік, 2015 жылы 25 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 70-ші мерейтойлық сессиясында  БҰҰ-ның Тұрақты даму саммиті барысында мемлекет пен үкімет басшылары «Біздің әлемді түрлендіру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі» атты құжатты бекіткен болатын. Күн тәртібіне 169 міндетті қамтитын тұрақты даму саласында 17 мақсат енгізілді. Ол алдағы 15 жылдың даму саласындағы ғаламдық және ұлттық әрекеттерді бағыттайтын әрі толық  қамтитын бағдарлама болмақ делінген.

Сондай-ақ,  Қазақстан ТДМ-ді енгізуге, дамытуға және іске асыруға Орталық Азия елдеріне донор ретінде биыл 60,3 млн теңге бөледі. 2017 жылы еліміз ТДМ-ді іске асыру үшін 50,7 млрд теңге көлемінде рекордттық қаражат бөліпті. Бұл өткен жылғы қаржыдан үш есе артық. Әдетте қаржының үлкен көлемі тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласына бөлінетін. Екінші кезекте, қаражат көлемі білім саласы және бизнесті қолдауға бөлінеді.

- Жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен «БҰҰ-әйелдер» құрылымы бірігіп биыл алғаш рет семинар-тренинг өткізіп отыр. Ол осыдан 3 күн бұрын Астанада бастау алған болатын. Бұл жоба үш жылға арналған. Бүгін Алматыда өтіп жатыр. 2018-2019 жылдары жалғасын табады. Журналистер мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға арнап келесі жылы тағы іс-шара өткіземіз.  Келесі жылы Орталық Азияда өңірлік конференция өткізетін боламыз. Өзіңізге белгілі, Тәжікстан мен Түрікменстан мемлекеттері осы «Гендер призмасы арқылы тұрақты даму мақсаттары: ұлттық саясатқа бірігу мәселелері және іске асыру үдерісін жариялаудың тиімді тетіктерін» жүзеге асырып отыр. Ал, Қазақстанда енді ғана қолға алынды. Осы мақсатта Орталық Азия елдерінің тәжірибесімен алмасып, пікірмен бөліскіміз келеді. Сондай-ақ, келесі жылы Қазақстанның аймақтарында өткізу жоспарланып отыр, - дейді «БҰҰ әйелдер» ұйымының маманы Гүлнар Смайылова.

Қазақстандағы ұлттық бағдарламалардың бірі саналатын «Тұрақты даму мақсаттарының» 129 иіндеті болса, соның 71-не елімізде басымдық беріліп отыр. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалары оң жолға қойылған.

Ал, бүгінгі тренингтің ерекшелігі сол, оған қатысушылар топ болып жұмыс істеді. Әр топ берілген тапсырма аясында әлеуметтік мәселелерді қозғады. Қатысушылар ТДМ-ң іске асыру барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі деңгейлері мен бағыттарын шешуді ұсынды. Мәселен, білім саласы мен дәрігерлер мамандығында әйелдердің 70% жұмыс істейді екен, сондай-ақ, әйелдердің орташа жалақысы ерлерге қарағанда әлдеқайда төмен екен. Және де қазіргі уақытта орташа білімді және ЖОО тәмамдаған  жұмыссыз әйелдердің саны  99,3% құрады. Сондай-ақ, статистика 30-35 жаста әйелдердің көбі жұмыссыз қалғандығын дәлелдеп отыр.

Айымхан Әмірбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары