05.11.2017, 05:15

Алматыда нұротандықтар мүгедек жандарға көмек қолын созды

Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау министр­ліктерінің және олардың құрылымдық бөлімшелерімен өзара бірігіп, партияның барлық аймақтық және аумақтық филиалдарында «Кедергісіз келешек» партия жобасы аясында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау» республикалық акциясын өткізуде.

Аталған республикалық акция Елбасының «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың әлеумет­тік жағдайын жақсарту және мүдде­лерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Осыған байланысты  «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұханқали Тұрашұлы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады. Аудандық филиал­дағы қабылдауға «Нұр Отан» пар­тиясы Алатау аудандық фи­лиалы саяси бюро мүшесі, №29 қалалық емхананың бас дәрігері Садықова Ақмира Махамбет­қалиқызы, №25 қалалық емхана­ның эксперт-дәрігері Ғайша Құсманқызы және мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің бас маманы Ұлжан Анжибекқызы қатысты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларына тұрақты түрде назар аудару. Қабылдауға келген аудан тұрғындары әр сала маман­дарына өз сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын алып жатты.

Осыдан бірнеше күн бұрын партияның қоғамдық қабыл­дауына мүмкіндігі шектеулі Смағұлова Сағат ападан өтініш келіп түскен. Сағат апа өзіне мүгедектер арбасын алуға жағдай қарастыруды сұраған. Сол өтініш бойынша «Нұр Отан» партиясы «Ақ жүрек» бастауыш партия ұйымының төрайымы,  №29 қала­лық емхана бас дәрігері Ақмира Махамбетқалиқызы өзі басшылық етіп отырған мекеме атынан апамызға мүгедектер арбасын сыйға тартты. Өз кезегінде Сағат апамыз партия және №29 қала­лық емхана ұжымдарына үлкен алғысын білдірді. Жиын соңында Мұхан­қали Тұрашұлы осындай іс-шаралар болашақта өз жалға­сын табатынын айтты.

Салтанат АХМЕДЖАНОВА.