06.04.2018, 10:38

"Тальго" пойыздарының билеттері 2 есеге дейін арзандайтын болды

"Тұлпар-Тальгоның" сегіз бағыт бойынша жүретін жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды деп жазады Sputniknews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалады. Тек 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығында арзан билеттер қарастырылмаған. 

Жолаушылар сегіз бағыт бойынша жүретін пойыздардың билетін 10-нан 25 пайызға дейінгі жеңілдікпен сатпы ал алады: "Алматы – Атырау" №035/036, "Алматы — Өскемен" №045/046, "Алматы – Орал" №049/050, "Астана – Қызылорда" №089/090, "Астана — Орал" №095/096, "Ақтөбе – Астана" №097/098, "Алматы – Астана" №701/702 және "Шымкент – Астана" №709/710.

Бұдан бөлек, 45 тәулікке дейін билетті алдын ала сатып алған адамға 35 пайыз жеңілдік бар. 

Осылайша, жаңа көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, жолаушылар 11 сәуірден бастап 50 пайыз арзан бағаға билет сатып ала алады.