$ 449.58  486.94  4.86

Қыз туа бересің: Шымкентте ішкіш әке 5 баланың анасын 1 күнде тастап кетті

Шымкенттік келіншекті күйеуі қыз туа бергені үшін тастап кеткен. Жығылғанға жұдырық демекші, әкесі тастап кеткен қыздары қатты науқастанып, аурухана төсегіне таңылған.

Науқас бала мен араққа тойып алатын отағасы Кариманы әбден қажытып жіберген. Шайтан суға тойып алатын әкелерін қыздары да жақтырмайды екен. Отағасы туған перзенттеріне қол жұмсауға дейін барған. Қыз туа бересің деп сылтауратқан Кариманың күйеуі оны бір күнде науқас балаларымен тастап кеткен.
Науқас балалардың емі мен дәрі дәрмегіне ақша таппақ түгілі, үйдегі қаражат ас -ауқатына да жетпейді. Ал бес қызымен бір-ақ күнде тастап, жөніне кеткен отағасы жанұясына көмек қолын созбақ түгілі, хал сұрауға құлықсыз.

“Қыздарымның әкесі көмектесудің орнына тастап кетті. Екі ауру баламды бағу қиын екен. Туған әкелері қыз керек емес деп тастап кеткен. Көп ішетін. Қыздарыма қол жұмсайтын. Алимент төлемейді. Сот орындаушылар алиментті өндіріп беруге көмектеспейді. Құзырлы орган өкілдеріне қапагершілігім бар. Әкесінен қыздарым үшін ақша сұрасам балағаттайды”, – дейді жалғыз басты ана Карима Хайдарбекова.

Карима Хайдарбекованың екі қызы неврологиялық ауруға шалдыққан. Ауыр дерттің салдарынан 15 жастағы қызы арбаға таңылса, бес жастағы Муслиманың бас-миында ауытқу бар. Арбаға таңылған қызын жақын арада емдемесе ауруы күшейіп, асқына береді екен.

Карма Хайдарбекованың бес қызы бар. Үлкені 15 жаста болса, кіші қызы бес жаста. Жалғыз басты ананың басты арманы – қызын емдету. Науқас балаларына қарайтын адам жоқ болғандықтан, жұмысқа да шыға алмай отыр.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары