12.05.2018, 10:24

Шымкент тұрғыны өз әйелін жұмыс орнында пышақтап өлтірген

Шымкентте Мұхтар Əуезов атындағы ОҚМУ-дің ғимаратында ерлі-зайыптылар арасында шыққан жанжал өліммен аяқталды. Қанды оқиға 11 мамыр сағат 16.30 шамасында болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Марқұм әйел осы жоғары оқу орнының экономика факультетінің оқытушысы болып шықты. Оны жедел жəрдем қызметі дереу облыстық клиникалық ауруханасына жеткізгенімен, құтқару мүмкін болмаған. «Əйелдің кеуде тұсынан 5 пышақ жарақаты салынған. Біреуі дәл жүрекке тиген. Науқас ота кезінде тілге келмей қайтыс болды», - дейді жедел жəрдем қызметінің кезекші аға дәрігері. Айта кетейік, пышақталып, ота үстінде жан тапсырған əйелдің артында кәмелетке толмаған үш баласы қалды.