Орталық дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және басқа да ойындарға арналған кабинеттермен, кітапханалар, соның ішінде аудиокітаптар, ДШК сабақтары үшін залдармен жабдықталған, сондай-ақ, компьютерлік сауаттылықты, ағылшын тілін меңгеру курстары тұрақты негізде өтеді. Ақысыз негізде заң, психологиялық және медициналық кеңестер көрсетіледі. Бұдан басқа, ҚАРТ-бақшасын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, ақылы тәулік бойы болу бөлімі, қала емханаларында геронтология кабинеттерін ашу, агро-краудсорсинг сабақтарын жүргізу көзделуде. Клубтар ұйымдастырылып, соның ішінде қаланың саябақтары мен гүлзарларында «скандинавтық жүру» ұйымдастырылады, топ болып музейлерге, театрларға, көрмелерге және т.б. көрікті жерлерге барады.
Барлық аудандарда әлеуметтік клубтар, кітапханалар, мектептер, театрлар, колледждер, университеттер, жастар лофт-орталығы, аула клубтары сияқты коммуналдық және коммерциялық жылжымайтын мүлік негізінде шектеулі уақытқа орнатылады. Сонымен қатар, егде жастағы адамдар үшін бос уақытты өткізуге жағдай жасау үшін еркін әлеуметтік клуб құруға ниет білдіретін бизнес-қоғамдастықты тарту жоспарлануда. Осыған байланысты жүйелік және транспаренттік жұмыс туралы меморандумдар жасалады. Болашақта бизнес-қоғамдастықтар материалдық-техникалық базаны ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір іс-шараларды жүргізу үшін қызметкерлерді де (инструкторлар, мұғалімдер және т.б.) қамтамасыз етеді. Әлеуметтік клубтарда белгіленген жұмыс кестесі жоқ және мекеме немесе кәсіпорынның мүмкіндіктеріне байланысты. Олардың түрлері бойынша әлеуметтік клубтар оқу, спорт, мәдени-демалыс және басқа да жұмыс процесінде анықталады.
Ал Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету үйлерінде жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Арнайы клубтар, скандинавиялық жүріс, серуендеу, Қазақстанның киелі жерлеріне барып географиясымен танысу, тренингтер өткізу, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, би, поэзия кештері, фэн-шуй, йога, қол терапиясы, өнер терапиясы, аулаға гүл отырғызу, оны баптау-күту, бау-бақшамен айналысып, жастарға үйрету, т.б. көптеген шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Жол картасы «Белсенді ұзақ өмір» жобасы қалалық әкімдікпен бірге қабылданғандықтан, қаламыздың аудандарымен тығыз бірге қызмет жасаудамыз. Осы ретте, аудандық әкімі аппараттары жоба бойынша өз жоспарларын құрып, жұмыстарын бастап та кетті.
Мәселен, Алмалы ауданындағы А.П.Чехов атындағы кітапхана базасында егде жандарға арналған шахматтық клуб ашылды. Онда 15 адам қатысуда. Осы кітапханаға қоса №4 кітапханада зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған компьютерлік курстар ашылды. Ол жерде 20 адам курс сабақтарын жүргізіп отыр. Ганди атындағы саябақта зейнеткерлердің қатысуымен күн сайын таңертеңгілік және кешкілік жаттығулар жасалады. Жамбыл атындағы кітапхана базасында егде жандар үшін қазақша және ағылшын тілдерін меңгеру мақсатында тілдік курстар ашылды. Бұл жерде бұдан басқа зейнеткерлер үшін психологиялық тренингтер өтеді. Қазіргі таңда курстар мен тренингке 20-дан аса адам қатысып отыр. Бүгінгі таңда Ганди саябағында орналасқан волейбол клубы басшысымен келісім-шарт жасасып, зейнеткерлердің демалуына арнайы орын бөлу мүмкіндігіне ие болып (орталықтың ашылуы шілде айының аяғында құрылыс жұмысының бітуіне орай жүзеге асырылады) отырмыз. Бұдан басқа, ардагерлер үшін шахмат клубтарын ашу мақсатында қаладағы көптеген кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде. Жобаның «Бұл – Аула» деп аталатын бөлімінде көрсетілгендей, қолөнер бұйымдарымен жасалған жасанды көрме жәрмеңкесін өткізу және зейнеткер жасындағылар үшін жасыл көшеттер отырғызу да көзделіп отыр. Егде жастағы қарттарымыз ауданның спорттық шараларына қатысып отырады. Аудан зейнеткерлері велопробег, марафон, жалпықалалық спартакиада және басқа да шараларға шақырылып тұрады. Тіпті, жоғарыда аталған шаралар екінші жартыжылдықта жүзеге аспақ. Аталған шаралар ПИК, ЗТМО, емхана, әлеуметтік қызметкерлер мен және басқа да ынта білдіруші мекемелер арқылы іске асады. Қазіргі таңда «Үшінші жастың таланттары» атты конкурсына қатысуға іріктеу жүргізіліп жатыр. Бұл шара жоспар-кестесіне сай қыркүйек айында өткізіледі.
Ал Алатау аудандық әкімдігі: егде жастағы қарттарымызды қазіргі қоғамға бейімдеу мақсатында, арнайы күнтізбелік жоспар бойынша белгіленген мекемелерде «компьютерді үйрету» жұмыстары жүргізілуде. Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, қарт адамдар арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстар өткізілді. Жалғызбасты қарт адамдарға және аз қамтылған қарттардың тізімін анықтап, арнайы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Коммуналдық төлемдерін төлеу үшін тұрғын үй көмегін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аудан емханаларында медициналық тегін тексеру жұмыстары жүргізілді. Өздігінен жүре алмайтын қарттардың үйлерінен дәрігер мамандардың барып тексеруін қамтамасыз етілді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің стационарлық тарабының дамуы қарттарға бірнеше бағыттар бойынша көмектер жүргізілді:
- Тұрақты өмір сүрудің ең қолайлы жағдайын жасау;
- Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және қайта қалпына келтірудің сапалы ұйымдастырылуы;
- Әлеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру;
- Өзара қарым-қатынастарындағы байланыстарды нығайту.
«Ғасыр құрдасы» атты іс-шара бойынша, 100 және одан да ұзақ ғұмыр кешуші қарттарды мерейтойларымен арнайы үйлеріне барып, құттықтау жұмыстары жүргізілді. Аудандағы қарттардың белсенділігін арттыру мақсатында қарттар жиі-жиі серуендеп отырады.
Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету мақсатында аудандағы жастар орталықтары демалыс күндері «Қарттар-біздің асыл қазынамыз» акциясы аясында қарттардың үйлеріне барып, қажетті көмектер көрсетеді.
Қарттардың бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін, саябақтардың қолайлылығы, тазалығы қамтамасыз етілді. Мәдени орындарға (музей, театр, кинотеатр, концерттерге) арнайы жолдамалар беріліп тұрады. Арнайы белгіленген мекемелерде психологиялық тренингтер, егде жастағы адамдарға арналған түрлі терапиялар өткізілді. Білім мекемелерінде қарттардың қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», ашық сабақтар өткізіліп тұрады.
Әуезов аудандағы №6 емханада «Лайықты жас» деп аталатын клуб ашылды. Клуб аптасына 2 рет 2-3 сағат бойына қызмет жасайды. Ол жерде мидың дұрыс жұмыс жасауын арналған арнайы сауықтыру шаралары жүргізіледі.
Бостандық ауданы: аудан аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарлар және аулаларда 22 спорт алаңдары орналасқан. №14 кітапханада «Ардагерлерге өнеге» атты клуб ашылды. Ол жерде шахмат, шашкі ойындары ұйымдастырылып өтуде. Аталмыш клубқа ауданның 100 белсенді зейнеткерлері қатысады. «Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» өкілдері мен «Евразия Скандинавиялық жүру» мектебінің жаттықтырушысының қатысуымен Тұңғыш Президент саябағында 30 белсенді тыл майдангерлері мен зейнеткерлері «Скандинавиялық жүріс» бойынша арнайы іс-шара ұйымдастырды. «Комфорт» тұрғын үй кешенінде ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған шахмат клубы ашылды. Оның ішінде тоғызқұмалақ, нарды, шашкі ойындарын ойнауға жағдай жасалған. Шахмат клубына 150 белсенді зейнеткерлер қатысып отыр. Ал «Халықаралық инновациялық техникалық» және «Қайнар» университеттерінде ауданның ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған компьютерлік курстар ұйымдастырылып өткізілуде. Курсты аяқтағандарға арнайы сертификат табыс етіледі.
Жетісу ауданы: «Сандық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде «Белсенді ұзақ өмір» Жол картасы бойынша қарттарымыздың компьютерді сауатты пайдаланып, сайттар мен желілер арқылы өз мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында курстар жүргізілуде. Ол жерде үкіметтік, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету, электрондық сауда-саттық туралы білулеріне мүмкіндік бар. Егде жастағыларға арналған «Айкүне» атты қазақша жаттығулар ұйымдастырылса, «Абылайхан» фитнес тренерлік клубы да өз жұмыстарын атқарып жатыр. Ал «Құлагер» және «Айнабұлақ» ықшамаудандарында егде жастағылар үшін қытайдың «Ушу» жаттығуының үйірмесі жұмыс істейді.
Медеу ауданы: Жобаны жүзеге асыру мақсатында таңертеңгілік «Қара жорға» халық биіне нақышталған жаттығулар жасалады. Бұл бидің өзіндік сыры бар. Биді үйрету және ауданның зейнеткерлерін белсенді өмір салтына тарту, таңертеңгі тонусты, күндізгі көңіл-күйді көтеру болып табылады. Осы бағыттағы жоспарлы іс-шара өз жұмыстарын әрі қарай жалғастырмақ.
Түрксіб ауданы: ауданда егде жастағы адамдарға арналған «Радуга» клубы жұмыс жасайды. Сондай-ақ, қарттарымызға арналған флэш-мобтар, шахмат клубтары, тренингтер, лекциялар, ЕДШ-лар, компьютерлік сауаттылыққа курстар, вокалды ұжымдар, суда жүзу клубтары, денсаулық клубтары, экотуризм бұл жерде Қазақстанның киелі жерлерінің географиясымен Түркістан, Иса Ата, Сарыағаш киелі жерлерінде болып қайтты. Жазғы мезгілдерді Түрген, Есік қорғаны, Алакөл және басқа да жерлерге болу жоспарлануда.
Наурызбай ауданы: Әлеуметтік клубтар өз жұмыстарын бастады. Компьютерлік сауаттылық, таңғы және кешкі ЕДШ сабақтары, йога назарда.
Жол картасы «Белсенді ұзақ өмір» жобасы, Алматы қаласы зейнеткерлері мен ардагерлеріне, зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға, зейнеткерлік жаста не істейміз деген сауалға жауап таба алмай жүрген жандарға ең қажетті жоба. Жобаны іске асырып қана қоймай, үнемі дамытып, олардың заман талабына сай өмір сүрулерін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба, рухани жаңғыруға қосылған ауқымды іс деп бағалаймыз.
Ләззат ЖЕТІБАЕВА,
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары.