$ 494.87  520.65  4.91

Калачи ауылы көшірілетін болды

Калачи ауылының тұрғындарын Есіл қаласындағы жаңа үйлерге қазан айында көшіріле бастайды, деп мәлімдеді Ақмола әкімдігіі.

Айтуларынша бүгінгі таңда Есіл қаласында Калачи тұрғындарына арнап 73 және 45 пәтерлі екі үйдің құрылысы салынып жатқан көрінеді. 73 пәтерлі үйдің құны – 399,4 миллион теңге, ал 45 пәтерлі үй бағасы – 243 миллион теңге.

Еске сала кетейік, Калачи ауылының тұрғындары соңғы жылдары белгісіз «ұйқы дерті» белгілерімен ауруханаға түскен. Науқастар дел-сал болып, бастары ауырып, есте сақтау қабілеті нашарлап, ұйқы басатынын айтып шағымданған. Бұған дейін бірнеше комиссия мен жүргізілген зерттеулер белгісіз дерттің нақты себептерін анықтай алмады. Ауыл іргесінде Совет билігі кезінде өндіріліп, кейін жабылып қалған уран кеніші бар.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары