Әлеумет 12.10.2018 сағат 08:52  426

Жезқазғанда апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілді

Апатты деп танылғанына он жылға жуықтаған Жеңіс көшесіндегі 11 үйдің мәселесі өз шешемін тапты. Апатты үйдің 48 пәтер иесі өтемақысын алып, жаңа баспанаға көшіп те үлгерді.

Жезқазғанда апатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілді
Жезқазған. Көрнекі сурет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жыл басынан 11 үй бойынша төтенше жағдай жарияланған болатын. Бекітілген жоспарға сай апатты деп танылған үйдегі пәтер иелері нотариус арқылы жеке меңшік болып табылатын баспанасынан бас тартуы тиіс. Осыдан кейін облыстың резервтегі бюджетінен қаржы бөлініп, тұрғындарды қауіпсіз мекенге көшіру, баспананы бағалау мен өтемақы төлеу сынды шаруалар қолға алынуы тиіс еді. Дегенмен, осы жоспарлы шаруалар бірден жүзеге аса қоймады. Өйткені, тұрғындар ұсынылған жатақханаға көшкісі келмей біраз қарсыласты. Сондай-ақ, пәтері үшін берілетін өтемақы мардымсыз болады дегенге алаңдағаны тағы бар. Дегенмен, бірнеше рет өткен кездесулер мен түсіндірме жұмыстары өз нәтижесін берді. Апатты үйдің тұрғындары мәселе олардың пайдасына шешілетініне сенді. Онысы бекер болмады. Тәуелсіз бағалаушы «Экспресс оценка KZ» компаниясы пәтерді бағалауда нарықтағы бағаны ескеріп, әділ жұмыс жасады. Берілген өтемақы жаңа пәтер сатып алуға артығымен жетті.

– Іргесі сөгіліп жатса да пәтерімізден бас тартпадық. Алғашында үміттен гөрі күдік басым болды. Баспанамызды құны соқыр тиын болып қала ма деп үрейлендік. Дегенмен, қала әкімдігі берген уәдесін орындады. Біз үйіміз қашан құлайды деген қорқыныштан бір жола айықтық,- деген қуанышында шек жоқ тұрғынның бірі апатты үйдің мәселесін шешуге атсалысқандарға ризашылығын жеткізді.

Жеңіс көшесіндегі 11 үйдің бүгінде 6, 7, 8 кіреберістері апатты. Қалған төртеуінің алдағы тағдыры апатты үш кіреберісті бұзғаннан кейін белгілі болмақ. Егер үй іргетасының сөгілуі тоқтайтын болса, ол кіреберістегі тұрғындардың алаңсыз өмір сүруіне болады.

Бүгінде Жезқазған қаласындағы 649 үйдің 28-і апатты деп танылған. Оның 18-і мүлде жөндеуге жарамсыз болса, 10-ы қайта жөндеуді қажет етеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар