29.07.2015, 03:00

Оңтүстік өңірдің егістік алаңынан 72% астық жиналды

Фото: baq.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында егіс алқабының 72%-ында дәнді дақылдар жиналды, дақылдың 234,8 мың тоннасы бастырылды, деп хабарлайды «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингіне сілтеме жасап.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтері бойынша 23 шілдедегі жағдай бойынша ОҚО-да 72% егіс алқабында дәнді дақылдар жиналды, дақылдың 234,8 мың тоннасы бастырылды», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ холдингтің мәліметінше, Жамбыл облысында 66,9% алаңдағы дақылдың 243,6 мың тоннасы бастырылды. Қызылорда облысында 0,4% алқапта дәнді дақылдар жиналды. 

«Жалпы Қазақстандағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен 100,6 млрд теңге бағытталатынын атап өту қажет. Бұл көлем холдингтің егістікті және жинау науқандарын қаржыландыруының өткен жылғы деңгейінен 16%-ға артық», - деп атап өтілген хабарламада.  Осы ретте холдингтің мәліметінше, қаржыландыру кезінде негізгі күш шағын және орта шаруашылықтарға жасалады.  «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ оның құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроМаркетинг» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ кіреді.