«Харекет» қайырымдылық қоры Түркістан облысының тұрғыны, алты баланың анасы Жібек Жұматаеваға пәтер кілтін табыстады деп хабарлайды ernur.kz.
Жаңа жыл қарсаңында 58-пәтердің кілтін тағы да қала тұрғыны көпбалалы, жалғызбасты ана Жібек Жұматаеваға салтанатты түрде тапсырды. Ал, кілтті табыстау құрметіне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев ие болды. Мәдениет үйінде «1000 теңгеге баспана» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылып, сатылған билеттен түскен қаржы жоспарлы мақсат бойынша сауапты іске жұмсалуы үшін өткізілді.
«Харекет» қайырымдылық қорының өкілі Төребай Асқарұлы сұхбат кезінде қайырымдылық шара жалғасын таба беретіндігін айтып, түркістандық ерікті жастарға рахметін жекізді.
Қаншама жылдар бойы алты баласының жердемақысымен жалдамалы пәтерде өмір сүріп келген көпбалалы, жалғызбасты ана Жібек Жұматаева риясыз көңілмен жаны жомарт жандарға алғысын білдірірді.
Айта кету керек, Гүлмира Мұқанқызының бастамасымен 2017 жылы құрылған «Харекет» қайырымдылық қоры бүгінге дейін республикамыз бойынша 57 отбасының баспаналы болып, қоныс тойын тойлауына себепші болған.