Әлеумет 25.01.2019 сағат 10:45

Президентпен кездескен 27 жастағы көпбалалы ана баспаналы болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздегі ең жас көп балалы ана Жазира Тұрғыноваға 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президентпен кездескен 27 жастағы көпбалалы ана баспаналы болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

23 қаңтарда Астанада Жастар жылының ашылу салтанатында түркістандық келіншек Елбасының алдында сөз сөйлеп, ел жастарын көп балалы болудан қорықпауға шақырған еді. 

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көп балалы отбасын қабылдады. 

«Көп балалы ана болу – үлкен мәртебе әрі құрмет. Бұл – адами ресурс және мемлекетіміздің басты байлығы. Біз көп балалы отбасыларды жұртшылыққа үлгі етіп, оларға қолдау көрсете беруіміз қажет. Мен мұндай отбасылардың жағдайын жақсы түсінемін», — деді облыс басшысы. 

Әкімнің айтуынша, бүгінде табиғи өсім бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Қазіргі таңда облыста 134 мыңнан астам көп балалы ана бар екен. Оның 51 мыңнан  астамы – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. 

Түймебаев жас отбасыға Төлеби ауданы Ленгір қаласынан 4 бөлмелі баспананың кілті мен балаларға қыстық жылы киімдер табыс етті.

Сонымен бірге, ол Жазираның қосымша мамандық алу үшін оқуына және жұмысқа орналасуына қолдау көрсетілетінін жеткізді. Отағасы Олжас Әбілдәбековті де жұмысқа орналастыру мәселесі қаралатын болды. 

Жазира Тұрғынова – Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны. 27  жастағы келіншек 3 қыз, 4 ұлды дүниеге әкелді. Балаларының үлкені 11 жаста, ал кішісі бір жасқа енді толады.  

Баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2018 жылдың 1 желтоқсанында Түркістан облысы халқының саны 1 977 768 адамды құраған. Облыс республика бойынша туу мен табиғи өсім көрсеткіштері жағынан бірінші орында.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар