Жуырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мен ОҚО Мемлекеттік қызметшілер кәсіподағымен бірлескен түрде жиналыс өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Елбасының ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Кәсіби мемлекет аппаратын құруға» негізделген бірінші институционалдық реформаны кеңінен насихаттау, мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру мен мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіруге бағытталған реформаны қалың бұқара халыққа тереңінен түсіндіру болып табылады.
Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, еңбек ұжымдары, кәсіподақ ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында, Департмент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Б.Бекжанов Елбасымен ұсынылған «100 нақты қадам» және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бойынша түсінік беріп өтті.. Мәселен, мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдерін орталықтандыра отырып, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу көзделуде.
Бұл тұста, «Б» корпусындағылар бір мекемеден екінші мекемеге ауысуды былай қойғанда, сол мекеменің ішінде сатылық өсуде міндетті түрде ашық конкурстан өтетін болады. Бұл қағида тек бірінші басшының көмекшісі, кеңесшісі және баспасөз хатшыларына жүрмейтіндігін атап өтті.
Сондай-ақ, департаменттің бөлім басшысы Г.Мұсабекова Елбасымен жарияланған реформа жаһандық дағдарыс, әлемдік саяси және экономикалық тұрақсыздық жағдайында уақтылы қабылданған шешім екенін жеткізді.
Іс-шара соңында, аталған реформаның нәтижелі іске асырылуы үшін бүкілхалықтық қолдау табу және бұқара халықтың барлығының белсенді қатысуына шақырды.