27.09.2015, 12:55

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған  семинарлар өткізілді

Фото:kzl.sud.kz

«Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұл жоспарын талқылау мақсатында басқармада «дөңгелек үстел»  өткізілді» деп хабарлайды ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан. «Дөңгелек үстелге»  Шу-Талас экологиялық департаменті мен ОҚО тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің қызметкерлері және қоршаған ортаны қорғау саласында қызмет көрсетіп жүрген жобалаушылар қатысып, жұмыс барысында туындайтын өзекті мәселелерді де ортаға салды.

«Басқарманың медиа-жоспарына сәйкес, «орман өртін болдырмау, сұғанақтыққа қарсы, заңсыз ағаш кесудің алдын алу» тақырыптарында анимациялық видеороликтер және қоршаған орта мен табиғатты аялау мақсатында түрлі видеотүсірімлімдер әзірленіп, жергілікті телеарналар арқылы берілуде және де облыстың аудан, қала аумақтарында қоршаған ортаны, орманды, аң-құстарды қорғау тақырыптарында билбордтар әзірленіп, орнатылған. Аталған жұмыстар заң бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында жүргізілуде» делінген ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан келген хабарламада.

Хабарламада көрсетілгендей,  басқармада 7 рет құқықтық оқыту семинар-лекциялары өткізілсе, оның 2-і сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау тақырыбында өткен. Нақты атап айтар болсақ,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес  туралы нормативтік құқықтық актілер бойынша» семинар кеңестер өткізіліп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істері және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  ОҚО бойынша департаменті мамандары «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңына және заңға тәуелді актілерге еңгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы,   «Еңбек құқықтық қатынастары» туралы, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2050  жолдауы», Қазақстан Республикасының «Нормативтік актілер туралы» Заңдары  жөнінде семинар-кеңестер өткізген.

«Аталған семинарлар басқармадағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және қоғамдағы кездескен сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресуіне септігін тигізеді» деп көрсетілген хабарламада.