$ 494.87  520.65  4.91

Жамбыл облысында аз қамтылған отбасыларға тегін мал беріліп, коммуналдық қарыздары кешіріледі

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында есеп беріп, тұрғындарды өңірде атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды. Облыс басшысының айтуынша, биыл аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөлініп, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған бірнеше жоба жүзеге асырылады.

Айта кетейік, барлық әкімдердің биылғы есебі мен жоспары аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.

Асқар Мырзахметов мұндай санаттағы азаматтардың баспана мәселесін, балабақша мен мектеп, коммуналдық төлемдер, тіпті кәсіп мәселесін де шешіп беретінін айтты. Әкімнің есебі барысында анықталғандай:

- Тұрғын үй кезегінде тұрған аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға баспаналы болғанға дейін 10 отбасылық жатақхана беріледі.

- Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға берілетін 10 отбасылық жатақхананың 7-і Таразда, үшеуі Шу, Қаратау және Жаңатас қалаларында.

- Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 70 пайызы ауылда тұратыны ескеріліп, оларға демеушілер есебінен қайтарымсыз мал беріледі.

- Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы 23 мың оқушыға жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама беріледі.

- 7500 аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың коммуналдық төлемдеріне 500 млн теңге бөлінді

- Тараз қаласындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына жылу тарифі 50% төмендейді және олардың бұған дейін қордаланған қарыздары кешіріледі.

- Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасы үшін 500 млн теңге бөлінді.

- Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларын мектепте ыстық тамақпен қамтуға 2 млрд теңге бөлінді.

- Жамбыл облысындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға биылғы бюджет есебінен бөлінген қаражат 30 млрд теңгені құрайды.

- Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы 6200 оқушы мемлекет есебінен колледждерде тегін оқытылады және олардың шәкіртақысы мен тамақтануына 1,7 млрд теңге бөлінді.

- Республикалық «Бақытты отбасы» аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсету үшін облыстық «Қамқор» жобасы қолға алынды және оған 1 мыңнан астам еріктілер тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары