25.04.2019, 21:12

Шымкент: Жер телімін нысаналы мақсатта пайдаланбағандарға ірі көлемде айыппұл салынады

Үшінші мегаполисте бүгінде пайдаланылмай жатқан жер телімдері аз емес. Олардың егелері бар, бірақ кәдеге асыруға асығар емес. Осы тұста Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев пайдалы ақпаратпен бөлісті.

«Бүгін Шымкент қаласы прокуратурасының, аудандық әкімдіктердің, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің, Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының, сәулет және қала құрылысы басқармасының, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының өкілдерімен бірге қала жерлерін уақытылы игеру және мақсатты пайдалану мәселелері бойынша кеңес өткіздім. Жер қатынастары басқармасының мамандары 1843 игерілмеген жер телімдерін тексерген. Олардың 419-ы – коммерциялық мақсаттағы, 1249-і – ауыл шаруашылығы және 175-і ЖТҚ жер телімдері. Тексеріс нәтижелері бойынша 588 жер телімінің игерлімегені анықталып отыр. Сондықтан да меншік иелеріне жер учаскелері үшін 10 есе салық төлеуге тура келетінін айтқым келеді. Сондықтан да меншік иелеріне жер телімдеріңіз болса, үш жыл ішінде нысаналы мақсатына сәйкес игеру қажеттігін ескерткім келеді» - деді ол.

«SN.kz»-ақпарат.

Тегтер: Шымкент жер