Алматыда жыл басынан бері 800-ге жуық қолайсыз отбасы есепке алынған. Олардың тең жартысынан көбі ішімдікке сылқыя тойып алып, баласына қарамайтындар. Ал, елуге тарта ерлі-зайыптыға ескерту жасалып, әкімшілік жаза тағайындалған. Бірақ, перзенттеріне мейірімі жоқтар саны күн санап артып келеді дейді полицейлер. Мұндай жағымсыз цифрлар екі күндік рейдте белгілі болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Бұл отбасының тұңғышы сабақтан соңғы бір ай бойы еш себепсіз қалған. Мұғаліміне ескертілмеген. Анасы екі күнде бір үйіне оралмайтын ұлын ылғи полицейлерге іздететін көрінеді.
Егер баласы үйден қашпаса, мемлекеттік қорғаушылар бұлардың адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқанынан бейхабар болар еді. Тамақ пен жуынды араласып, ас үйде кірін жууда.
Баспанада жәндіктен аяқ алып жүрер жер жоқ. Балалардың киім кешегі де шашылуда. Ал, төсегінде иттері бірге жатады. Шешесі айыбын мойындап тұрғаны шамалы. Ішімдікке сылқыя тойып алып, тәлтіректеп жүр. Бей-берекетсіздікті үйдің астан-кестеңін шығаратын алты жасар баласына ысырды.
«Че за бардак. Можно же укладовать в шкафу. У меня дочка такая. Я не знаю что с ней сделать. Она вот так вещи складу. Она сама так сделают».
Ант суын ішіп, бір айда үйді айнадай жылтыратамын деген әйелдің сөзіне Ювеналдық полиция қызметкерлері мүлдем сенбеді. Есепке алды. Өйткені, жыл басынан бері бәрін«қатырамыз» деген есептегі 800 әулеттің елуіне бірдей әкімшілік жаза тағайындапты. Ал, 16 отбасы ата-аналық құқығынан айылырылған. Олардан туған 20 бүлдіршін туғандары мен балалар үйін жағалап кетіпті.
ЛӘЙЛА ӘЛІПБАЕВА, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ ЮВЕНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің алғашқы мақсатымыз - бала бәрібір ата-анасында қалу. Соған тырысамыз. Әке- шешесімен тәрбие жұмыстарын жүргізумен. Айыру мақсат емес біздікі. Ата-анасынан тартып алған кезде ол да психологиялық зиян келтіреді.
Яғни, ата-анаға бірнеше мүмкіндік береміз дейді мамандар. Бір ай ішімдік қоюын, үйін таза ұстауын, жұмысқа араласуын қадағалап, перзенттерін арнайы интернаттарға жатқызып, көмектеседі екне. Егер одан да нәтиже шықпаса, әр сәбиді бақытты болуы үшін мемлекет қарамағына өткізеді екен.