Әлеумет 28.05.2019 сағат 14:50  218

Нұр-Сұлтан әкімдігі: Өлім-жітім оқиғаларына орай батуттар жұмысы уақытша тоқтатылды

Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісім-шарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа-райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс.
Нұр-Сұлтан әкімдігі: Өлім-жітім оқиғаларына орай батуттар жұмысы уақытша тоқтатылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Балалардың жарақаттану және өлім-жітім оқиғаларының көбеюіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі үрлемелі батуттардың жұмысын уақытша тоқтатуға бағытталған шараларды қабылдады, деп хабарлайды әкімдіктен.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Орталық, «Жетісу», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарының әкімшілігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан 11 үрлемелі батут жұмысы тоқтатылды. 

Қазіргі уақытта қала әкімдігі сауда, ойын-сауық орталықтары аумағында ойын-сауықтық нысандарды орнатуға рұқсат бермейді. 

Кәсіпкерлер сауда орталықтарында және басқа да жеке меншік объектілерде батуттарды екі кәсіпкерлік субъектісі арасында жалдау шарты негізінде орналастырады. 

Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісім-шарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа-райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс. 

«Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі», – деп атап өтті инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мамандары.
 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар