9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында барлық қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған.
Аталмыш акция қаладан тыс аумақтағы маршруттарға қолданылмайды.
Автобустар стандартты қозғалыс кестесі бойынша жүреді.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырған.