28.05.2019, 17:21

Нұр-Сұлтан әкімдігі Президент сайлауы күні тегін жол жүруді қамтамасыз етеді

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырған.

9 маусым – Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні елорданың қоғамдық көліктерінде жол жүру тегін болады, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ел жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында барлық қалалық және экспресс-маршруттарда тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Аталмыш акция қаладан тыс аумақтағы маршруттарға қолданылмайды.

Автобустар стандартты қозғалыс кестесі бойынша жүреді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі күні бойы қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қарастырған.