Әлеумет 29.04.2019 сағат 18:53  77

Шымкентте биыл жаңадан 10 бағдаршам орнатылады

Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
Шымкентте биыл жаңадан 10 бағдаршам орнатылады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атап айтсақ, С.Жандосов – Ж.Шаяхметов көшелерінің қиылысы (№24 жалпы орта мектебінің маңы) мен Темірлан тас жолындағы «Төржан» мектеп-гимназиясының алдында, Ленгір тас жолындағы №97 жалпы орта мектебінің маңында, Жібек жолы көшесіндегі «Тассай» индустриялық аймағында, Мәделі қожа – Ж.Тәшенов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер бағдаршамы болады.

Бұдан бөлек Бозарық шағынауданы, КХ-37 – Ақалтын көшелерінің қиылысында, Н.Назарбаев даңғылындағы №130 жалпы орта мектеп маңында, Темірлан тас жолы – Ә.Қастеев көшелерінің қиылысында, Т. Рысқұлов – Ескендіров көшелерінің қиылысы («Мәди» аялдамасы) мен С. Бәйтереков – Майтөбе көшелерінің қиылысында («Ділмаш ата» дүкені) жаңа бағдаршамдар қойылмақ.

Еске салсақ, Шымкентте биыл үш оң жақ өткелі пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Басқарма мамандарының сөзіне сенсек, қаладағы Қонаев даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысы, Арғынбеков көшесі мен Өтегенов көшелерінің қиылысы, сондай-ақ Әл-Фараби алаңы мен Түркістан көшесінің қиылысында оң жақ өткелі салынбақ.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар