$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент қаласының әкімі «Qyrgy bazarдың» қайта құру жұмыстарының қашан аяқталатынын айтты

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Qyrgy bazarдың» қашан қолданысқа берілетінін айтты. Бұл жайлы шаһар басшысы өзінің «Инстаграмдағы» парақшасында жария етті.

«Қырғы базардың» болашақ көрінісі. Қайта құру жұмыстары басталды. Қаражат – жеке инвесторлардыкі. Бірінші кезең келесі жылы аяқталады» деп жазады әкім.

«Қырғы базардың» жобасында көрсетілгендей, төменгі қабатта қойма мен автотұрақ, 1-қабат – бағалы бұйымдар павильоны, екінші қабат фудкорт болады.

Үш қабаттың жалпы аумағы 4000 шаршы метрді құрамақ. «Qyrgy bazarдың» шығыстық стилі заманауи архитектуралық стильмен сәйкестендірілмек. Сатушыларға қоймалар, мұздатқыш камералар жалға беріледі. Жерасты автотұрағы 600 көлікке арналған. Оның жалпы алаңы 15000 шаршы метрді құрайды деп жоспарланыпты.

Жалпы, Шымкент қаласындағы ірі сауда орындарын заман талабына сай етіп қайта салу жоспары 2014 жылы қолға алынып, шаһар басшылығы мен кәсіпкерлер меморандум түзген. Ал “Қырғы базардың” қайта құру жұмыстарын қала әкімінің өзі қатаң бақылауға алған. Орта Азияның жас сәулетшілері жасаған жобаны да қолдаған өзі екен.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары