Әлеумет 30.05.2019 сағат 14:13

Аптасына 15 отбасы ойран: 21 мың теңге жәрдемақы алу үшін шымкенттіктер ажырасып жатыр

Өңірде әлеуметтік көмек алу үшін ғана жалғыз басты атанғысы келетін көпбалалы аналар қатары күрт артып, перзенттерінен бас тартқан әкелер көбейген.
Аптасына 15 отбасы ойран: 21 мың теңге жәрдемақы алу үшін шымкенттіктер ажырасып жатыр
фото: espanarusa.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Шымкентте алқалы жиын өткізген ауыл билері мен судьялар атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін үшін ажырасып жатқандар көбейгенін айтып дабыл қақты. Апта сайын 10-15 ерлі-зайыпты заңды некені бұзу үшін сотқа жүгінеді екен.

Өңірде әлеуметтік көмек алу үшін ғана жалғыз басты атанғысы келетін көпбалалы аналар қатары күрт артып, перзенттерінен бас тартқан әкелер көбейген.

«Әлеуметтік көмек тағайындау комиссиясының төрағасымын. Күнін көре алмай жүрген, шиттей баласына 21 мың теңге атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеп аламыз деп отбасынан бас тартқан әке, жалғыз басты ана көбейген», - дейді Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты Жұлдыз ауылының биі Оразалы Маханов.

Махановтың сөзін Еңбекші аудандық сотының судьясы да растап отыр.

«Иә, соңғы кезде ажырасу үшін сотқа жүгінетіндер көбейді. Негізгі себебін бірі айтады, бірі айтпайды. Бірақ көрініп тұрады ғой. Ұрсысып шын айырылысатындай емес, қол ұстасып келетіндер көп», - дейді Қайрат Ізбасаров.

Дереккөз: Nur.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар