$ 494.87  520.65  4.91

Qazaq air әуекомпаниясының жаңа ұшағы Шымкентке келіп қонды

Таяуда Qazaq air әуекомпаниясының жаңа Bombardier Q400 NextGen маркалы ұшағы Шымкент әуежайына келіп қонды.

Алматы-Шымкент бағыты бойынша келіп жеткен ұшақты Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай салтанатты түрде күтіп алды. Компания бұл әуе көлігін бір апта бұрын ғана сатып алған болатын.

- Әуекомпанияның жаңа ұшағының Шымқалаға келуі - қуанышты жаңалық. Қалада жаңа терминал салынып жатыр. Алдағы уақытта ұшақтарды 4-5 есе көп қабылдауға мүмкіндік болады. Қазірдің өзінде Дубай, Мәскеуге рейстер ашылды. Енді осы компания ұшақтарының Алматыдан басқа өңірлерге де тікелей қатынауына жағдай жасалады, - деді қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы.

Жеңіс күні мерекесіне орай әуе компаниясы жолаушыларға осындай сый жасады. Яғни, коммерциялық бағыттарға жаңа ұшақтарды әуеге жіберу - компанияның стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі. Ұшақ Шымкенттен Алматыға күнде ұшады.

- Біздің басты мақсатымыз - қауіпсіздікті күшейту, қолжетімділік және өңіраралық қарым-қатынасты (әуе хат-хабар алмасу) жақсарту. Бұл Алматыдан жеткен ұшақ үздік экономикалық көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Жолаушылардың қауіпсіздігі - біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Елдегі ең жаңа ұшақтар біздің компанияға тиесілі. Тағы бір айта кетерлігі - біздің пилоттар, инженерлер еуропалық стандарттар бойынша әрдайым білімін жетілдіріп отырады. Бізге қолдау көрсеткен Шымкент қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз, - дейді Компанияның қаржы жөніндегі директоры Әділбек Өмiрәлиев. Қайрат Ырзақұлұлы бастаған қала басшылығы жаңа ұшақтың мүмкіндіктерімен де танысып көрді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары