02.06.2019, 12:11

Жалғызбасты енесіне қалталы азамат іздеген тараздық келін желіні шулатты

riafan.ru
«Енеңмен ақылдасып шығардың ба, әлде өзің іздеп жатырсың ба?», «Енеңді «свиданиеге» сүйрегені несі, өзі таппай ма?» деп жазды желі қолданушылары.

«Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде енесіне өмірлік жар іздеген келіншек жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Мен анама болашақта жақсы қолдау көрсететін кісі іздеймін. Маманың жасы 47-де, орыс тілі маманы. Тараздың орталығында тұрамыз. Үш ұлы бар, екеуі үйленді. Үшіншісі 10-сыныпта оқиды. Балалары қарсы емес. Енем жалғыздықтан шаршады, жас кезінен көп қиындық көріп келеді. Папамыз қайтыс болған. Тұрмыс жағдайы жақсы адам болса, жазсаңыздар», - делінген парақшадағы жазбада.

Бұл желі қолданушыларының қызу пікірталасын тудырды.

«Енеңмен ақылдасып шығардың ба, әлде өзің іздеп жатырсың ба?», «Енеңді «свиданиеге» сүйрегені несі, өзі таппай ма?» деп пікір қалдырды олар.