$ 444.22  476.38  4.82

Шымкент шаһары еліміздегі ең бақытты қалалар тізімінде 2 орыннан көрінді

Қазақстанда бүкіл ел бойынша бақыт деңгейін анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізілген болатын. Рейтинг денсаулық, еңбек ету бостандығы, медицина, білім және тағы басқа да құндылықтарға негізделген.

2019 жылы зерттеуге барлығы 156 ел қатысқан. Kaz.nur.kz сайтының мәліметінше, бақытты елдердің үздік бестігіне Финляндия, Дания, Норвегия, Исландия және Голландия кірді. Стратегиялық бастамалар орталығының деректері бойынша Қазақстан әлемде 60-шы орынға ие болды.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан еліміздегі ең бақытты қала болып шықты. Екінші орын Шымкентке бұйырса, үшінші орын - Ақмола облысына тиесілі екен. Бақытты тұрғындар деңгейі бойынша Алматы 17 қаланың ішінде 14 орынға ие болды. Ең төменгі көрсеткішті Қарағанды облысы иеленді.

Рейтинг бірнеше көрсеткіштерге негізделді. Әлеуметтік төлемдер білім беру, медицина, ауыз су және тағы басқалары, мемлекеттік қызметтер, халықтың денсаулығы, қазақстандықтарды туыстарының қолдауы, іс-қимыл еркіндігі және қайырымдылық жасау мүмкіндігі.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары