Әлеумет 21.05.2019 сағат 17:09  66

Шымкент: Аудан әкімдігі мен аквапарк басшылары меморандумға қол қойды

Қаратау ауданы әкімдігі мен аудан аумағындағы аквапарк басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Шымкент: Аудан әкімдігі мен аквапарк басшылары меморандумға қол қойды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Қаратау ауданының әкімдігі" ММ (бұдан әрі – әкімдігі), әкім И.Қантөреев, Қаратау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі (бұдан әрі – бөлім), Қаратау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Е.Тасқараев Шымкент қаласы Қаратау ауданы аквапарктердің басшыларымен (бұдан әрі – демалыс орны), "Тараптар", меморандум жасасты. Тараптардың ынтымақтастығы жетім, жағдайы төмен отбасындағы балаларды демалыс орнының жүзу базасында өтеусіз кемінде аптасына 1 рет тегін негізде шомылдыру үшін жүздіру және шомылу маусымындағы сақтық шаралары меморандумның мәні болып табылады.

Әкімдіктің және демалыс орнының арасындағы ынтымақтастықтың нысаны шомылу маусымы кезінде су айдындарындағы адамдардың демалуына мүмкіндік болуына негізделген. Осылайша жергілікті билік жетім және әл-ауқаты нашар отбасылардың балалары қатарынан кем болмауы үшін қолайлы жағдай тудырып отыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар