$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте «Туған жер» бағдарламасы бойынша 6 жоба жүзеге асырылды

Шымкент қаласында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларына орай іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген. Бұл ретте «ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасы шеңберінде 6 жоба әзірленіп, жүзеге асырылды. Арнайы жобаның «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша демеушілер мен меценаттар есебінен құны 1,6 миллиард теңгені құрайтын 32 жобаны іске асыру жоспарланған.

Әлеуметтік карта бойынша биыл Әл-Фараби ауданында 20 ауланы жөндеп, абаттандыру, 1 балабақшаның құрылысы жоспарланған. Абай ауданы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 300 миллион теңгеге 8 алаңшаның құрылысы қолға алынды. Еңбекші ауданында 43 спорт алаңшасын жөндеу, абаттандыру, 63 ауланы ретке келтіру ісіне 1 миллиард 686 миллион 500 мың теңге жоспарланған. Бүгінде бұл жұмыстардың 30 пайызы іске асты. Қаратау ауданындағы елді мекендерде 20 спорт алаңшасын соғу, 43 ауланы абаттандыру, ретке келтіру, 2 мектептің құрылысы қолға алынды. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бұл жобаларға 1 миллиард теңге қарастыру жоспарланған.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында (Оқушылар мен жастар арасында «Өлкетану», «Саналы азамат», «Отаным – тағдырым» базалық бағыттары бойынша) түрлі форматтарда 51 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.

«Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша («Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі», «Мәдениет», «Салт-дәстүр және құндылықтар» жобалары) 42 іс-шара ұйымдастырылды. Киелі орындар мен ескерткіштерге QR кодтар орнатылды.

Қала тұрғындары мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Отырар» кітапханасынан «Kovorking» орталығы ашылып, апта сайын түрлі акциялар мен конкурстар ұйымдастырылып жатыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары