Мұның алдында ұйымдастырлыған жәрмеңкеге 70 бала қатысқан болатын. Араға уақыт салып ұйымдастырылатын жәрмеңкеге қатысуға ниет білдірген балалар қатары еселеп артып келеді екен.
Осынау жәрмеңкеде балалар өз қолдарымен жасаған дүниелерін келушілердің назарына ұсынды. Түрлі тәттілер, ойыншықтар, әсемдік заттарына қызығып, сатып алушылар да көп болды. Қала тұрғындары мұндай жәрмеңкелердің жиі ұйымдастырылғаны балалар үшін керек екенін айтып жатты.
Кәсіпкер балалар тек пайда тауып қана қоймай қайырымдылық жасауды да естен шығармады. Саудадан түскен қаржының 10 пайызы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатта робототехника кабинетін жабдықтау жөніндегі жобаны қаржыландыруға жұмсалады.
«SN.kz» - ақпарат»