Шымкент қаласының Орталық мешітінде айт намазын оқуға келген адамдардың қарасы өте көп болғанын айта кетейік. Сондай-ақ, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та мешітке келіп, барша мұсылман қауымын қасиетті мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
- Құрметті бауырлар, қасиетті айдың сауапқа толы күндері аяқталды. Рамазанда иманымызды күшейттік, құлшылыққа көңіл бөлдік. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақамызды, барша игі амалымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! Баршаңызды Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын. Әрбір отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Келесі Рамазанға аман-есен жете берейік, - деді қала әкімі.
Жалпы, Ораза айт – отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, кішкентай бүлдіршіндерге, ағайын-туыстарға сыйлық үлестіріп, оларды қуанышқа бөлеген жан мол сауапқа кенелмек.
«SN.kz» - ақпарат»