Жасы келсе де апа тың, қимылы ширақ. Шұбарсу саяжайында тұратын жалғыз баласына қонаққа барғанды жақсы көреді. Коммуналдық төлемдер, азық-түлік, балалардың оқуы – ақ жаулықты ананың мойнында. Көпті көрген әжей «Өмірдегі басты құндылық – сыйластық» дейді. Абай ауданы әкімдігіндегілер іскер апаны ұмытпайды. «Ауданымызда 13 ҰОС ардагері мен 1503 тыл еңбеккері бар. Тохташ Кулиеваны қала күні мерекесіне шақырамыз. Сый-сияпатын береміз» дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Санжар Тасқынбайұлы.
Абай ауданы әкімдігі әжейдің денсаулығын сауықтыру үшін тиісті жолдама алмақ мақсатта қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хат жіберетін болды.
«SN.kz»-ақпарат.