$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: полицейлер теміржол вокзалында ашық есік күнін өткізді

Шымкент станциясы әкімшілік полиция бөлімінің мамандары теміржол вокзалында «Ашық есік» күнін өткізді. Күн ұзаққа жалғасқан шарада тұрғындар мен қала қонақтарына жол жүру кезіндегі келеңсіздіктерден қорғану жайы үйретілді. Сондай-ақ, полицейлер азаматтардың сауалдарға жауап берді.

Темір жол вокзалы – тірлігі  қайнаған аймақтың бірі. Алыстан келген немесе  ұзақ сапарға бара жатқан жолаушылардың  қауіпсіздігіне қырағылықпен қарау – полицейлерге сын. Келушілердің көңілге кірбің келтірмеу үшін арнайы шара ұйымдастырып отыр.

  «Енді полицейлерге қатысты қандай сұрақ бар, бәріне жауап береміз, азаматтар келіп жатыр, барынша ақпаратты беріп жатырмыз» - дейді Шымкент станциясы әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Әуез Жансейітов. Деректерге сүйенсек, жыл басынан бері шойынжол маңында 1300-ден астам құқықбұзушылық тіркелген. Оның негізгісі жолаушылардың жауапсыздығынан орын алған. Мамандар жазғы маусым уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.

Орынбасар Мәмбетов – Шымкент станциясы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы: «Мынау балаларды өздігінен жібере салатын әдетіміз бар, осы мәселеге қырағы болу керек. Өйткені биік пойыздың үстіне шығып суретке түсетіндерді де кезіктіріп жатырмыз. Ол жерде қуаттылығы жоғары электр бар». Теміржол вокзалындағы ашық есік талай олқылықтың бетін ашатыны белгілі. Алайда мамандар бұрынғыға қарағанда тәртіп ретке келген деп отыр. Ол азаматтардың құқықтық сауаттылығының артуымен байланысты.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары