$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте биыл 165 көше жөндеуден өтеді

Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқын алған. Биыл қала ішіндегі 165 көше жөндеуден өтетін болады. Ол үшін қазынадан қомақты қаржы қаралған. Енді тек құрылыс нысандары өз уақытында сапалы аяқталса болғаны.

Бүгінде қала аумағындағы көшелердің ұзындығы 2 976 шақырымды құрайды. 165 көше қайта құру, жөндеу сынды жұмыстарға биыл 8 млрд теңге қаралып отыр. Осы қаржы тиімді жұмсалса, жолдардың сапалық көрсеткіші 3,4 пайызға өсетін болады. «Ағымдағы жылы 165 шақырымның 109 шақырымы пайдалануға тапсыруды жоспарлап жатырмыз. Бүгінгі күнде 50 көшеде жұмыстары толығымен аяқталды. Бірақ пайдалануға берген жоқпыз.Мемлекеттік қабылдап алу жұмыстары жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен атқарылатын болады» – дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Абай Тұрханов.

Биыл қала бюджетіндегі қаржының басым бөлігі жолға бөлініп отыр. Қазір қала орталығында құрылыс жұмыстары қарқын алған. Осыдан 3 жыл бұрын велосипедпен жүру үрдісі қолға алынған еді. Бүгінде велобекеттер саны қырыққа жеткен.  Осы мақсатта А.Байтұрсынов көшесінің бойында жаяу жүргіншілер жолы кеңейтіліп, жаңадан веложолдар салынуда. Жарықтандыру мен электр бағаналары толығымен ауысады. Сондай-ақ, жаңбыр суының ағып өтуі үшін асфальт астынан ирригациялық жүйе өтетін болады. Құрылыс жұмыстарының барысы қала әкімінің бақылауында деген мердігер 5 жылдық кепілдігін де беріп отыр. Тек, тұрғындар құрылыс жұмысына кедергі келтірмей, аздап сабырлы болуға шақырды. 

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #жол