Мердігер компания көлік қозғалысын тоқтатпау үшін ескі көпірді пайдаланып отыр. Ал жаңасы жанынан салынуда. Ағылған көлік нөпірін осында бағыттап алған соң ғана ескі көпір бұзылып, қайта салынатын болады. Көпірдің ені 28, жалпы ұзындығы 144 метрді құрайтын болады. Тапсырыс беруші Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы құрылыс барысын қадағалап, тиісті ескертпелерін жасаған. Маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 50 адамға дейін жетеді. Көпірдің сапасына авторлық, техникалық қадағалаушылар бақылау жасауда.
«Көпірдің құрылысын биыл аяқтау жоспарда бар. Жалпы құрылыс стандарт бойынша 16 айды құрауы тиіс. Бүгінде құрылыс барысында 25 адам жұмыс істеп жатыр» дейді «ҚазЭлитСтрой» ЖШС өндірістік техникалық бөлімінің басшысы Бағлан Қатбаев.
«SN.kz»-ақпарат.