Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасы денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, көлік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды 5 негізгі бағытта жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында электронды түрде есепке алу, есеп беру ақпаратын жүргізуге көшкен денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 33%, ал электрондық рецептердің үлесі 55%-ды құрайды.
«Сергек» интелектуальды бейнебақылау жүйесінде қала аумағында 104 камера іске қосылып, жол-көлік оқиғалары мен жол жүру ережесін бұзу оқиғалары 16%-ға төмендеген.
Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Абдуахасқызының айтуынша, 195 мемлекеттік қызметтің 123-і электронды түрде жүргізіледі.
«SN.kz»-ақпарат.