27.06.2019, 11:57

Шымкентте «Бақыт» тұрғын үй кешені бой тіктеп жатыр

Баспана мәселесі қашан да өзекті. Халық саны тығыз орналасқан мегаполис шаһарда тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Бұқараға мемлекеттік бағдарламамен үлестіріліп жатқан үйлердің көркі көз тартады. Сәулеті мен сәні келіскен «Нұрсәт» шағынауданында тағы бір тұрғын үй кешені бой тіктеуде. «Бақыт» атты бұл кешен әзірге 104 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын аяқтап отыр.

Құрылысты «Оңтүстік құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша, бұл – олардың салған 4-ші үйі. Нысанның ажары алыстан менмұндалайды.  Сапасында мін жоқ.

 «Оңтүстік құрылыс сервис» компаниясының  бұл салада 18  жылдық тәжірибесі бар. Қазір құрылыс алаңында 300-ге жуық жұмысшы бар. «Бақыт»  тұрғын үй  кешені  8 блоктан  тұрады.  Қазір  негізгі  3 блоктың құрылысы аяқталуға жақын. Тағы  бес бөлігі  келесі  жылдың  мамыр-маусым айларында  ел игілігіне берілмек. 

«Біздің компанияның өзінің темір-бетон, арматура сынды құрылыс материалдарын шығаратын зауыты бар. Олардың сапасына кепілдік береміз» дейді «Оңтүстік құрылыс сервис»  құрылыс компаниясының қаржы директоры Гүлжан Сыдықова.

Алдағы тамыз айында 104  пәтердің  кілті иелеріне  табыс етілмек. Қоныс тойын тойлаушылар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрақты салымшылары.  8 қабатты тұрғын үй  2 және 3 бөлмелі пәтерлерден  тұрады. Барлығы да сатылып кеткен. Мердігер компанияның салған үйлеріне сұраныс жоғары. Өйткені сапа – басты назарда.

«SN.kz»-ақпарат.