18.07.2019, 23:35

Ақтөбеде 2 қабатты үй өртеніп, 1 адам қаза тапты

Төтенше жағдайлар қызметіне сағат 20:52-де тұрғындардан жеке тұрғын үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып жатқаны туралы хабар түскен.

Қайғылы оқиға кеше ГМЗ ауданында тіркелген, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Төтенше жағдайлар қызметіне сағат 20:52-де тұрғындардан жеке тұрғын үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып жатқаны туралы хабар түскен.

«Өрт 22:40-та толық сөндіріді. Оқиға орнынан ер адамның мүрдесі табылды. От 120 шаршы метрге созылып, оны сөндіруге 13 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды», — дейді ТЖД баспасөз қызметі.