$ 448.56  478.03  4.79

БАҚ: Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов қайтыс болды

Гурбангулы Бердымұхаммедов 15 шілдеде еңбек демалысына шыққан.

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов дүниеден өтті. Бұл туралы lenta.ru жазды.

Ақпарат агенттігі мұндай хабарды «Говорит Москва» басылымы Еуразиялық проблемалардың монитортнг орталығының директоры Аслан Рубаевқа сілтеме жасай отырып таратқанын атап өтті.

Оның сөзінше, Түрікменстан президентінің өлімі туралы Ашхабатта жұмыс істейтін бизнесмендер хабарлаған.

«Мен «Бұл рас па?» деп сұрағанымда, олар арнайы қызметте жұмыс істейтін таныстарым бар, олар бұл хабарды растап, мұның ол (Түрікменстан президенті – ред. ескертуі) еңбек демалысынан шыққан кезде болғанын айтты», - деді Аслан Рубаев.

Гурбангулы Бердымұхаммедов 15 шілдеде еңбек демалысына шыққан. Оның қайтыс болғаны туралы алғашқы хабарламалар араб елдеріндегі оқиғаларды жариялауға арналған ElMurid Telemram-арнасында пайда болды.

Бұған дейін Ашхабадтағы тілшілерге сілтеме жасай отырып, «Еркін Түрікменстан» YouTube-арнасы саясаткердің 20 шілдеде қайтыс болғанын хабарлады. Өлімнің себебі бүйректің жіті жеткіліксіздігі деп айтылуды.

Гурбангулы Бердымұхаммедов Түрікменстан басшысы болып 2006 жылдың соңында тағайындалды. Ол өзінің ерекше қызығушылықтарымен танымал – шамамен 13 жыл бойы билік басында болған мемлекет басшысы генералдарға бірнеше рет атыс пен пышақ лақтыруды үйреткен, гитара мен пианинода ойнаған, ат жарыстарына қатысып, автокөлікпен дрифт жасаған, тіпті рэп оқыған.

Дереккөз: BAQ.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары