07.08.2019, 15:55

«Сіңлім қайын інімнен көтеріп қалды»: екі ортада қалған келіншек ақыл сұрайды

Фото: medikforum.ru
Жігіт білмейді көтеріп қойғанын, оған айтпаймын дейді.

«Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқырман! Көп созбай, бірден мәселеме көшейін. Мендегі мәселе мынау. Қайным сіңліме ғашық, екеуі бір-бірін жақсы көреді екен, кездесіп жүргендеріне 1 жылдай болып калған, ешбіреуіміз білмейміз ең өкініштісі.

Кенже сіңлім болғандықтан, бізге әлі бала секілді ғой. Қайным - куйеуімнің әкесінің туған інісінің баласы, яғни ағайындылардың балалары менің күйеуім екеуі.

Ендігі мәселе екеуі, түсінесіздер ме, бүлдіріп қойған. Айтуға ауызым бармайды. Туған сіңлім өзіме келін мен оған абысын боламын, егер олар үйленген жағдайда.

Сіңлім көтеріп қалыпты. Ол жасанды түсік жасатамын деп тулап отыр, жасы 21-де. Әзірге тұрмысқа шыға алмаймын, 3-4 жылдан кейін сол жігітке тұрмысқа шығамын дейді. Өзінше жұмысын істеп жүре тұрмақ.

Жігіт білмейді көтеріп қойғанын, оған айтпаймын дейді. Абортқа келіспей мен отырмын. Бірақ қайын ағам, құда бола ма, арамызда бұдан кейін қандай қатынас қалыптасады, қалай құдаласады, мені сол ойландырады. Бәрін қойшы, ата-анамызға қалай айтамыз, мұндайды қалай айтуға болады?!.

Үлкендер жағы болса, ақыл-кеңес жазсаңыздар екен. Қысқасы, түсінген жандар болса кеңес беріңіздерші, не істерімді білмей жазып отырмын. Күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалдым».

Дереккөз: Алаш айнасы