$ 498.34  519.72  4.85

18+: Жыныстық қатынастың жиілігі кезінде қынап ұлғая ма? (ВИДЕО)

Оны жаттығу, дұрыс демалу арқылы қалпына келтіруге болады

YouTube арнасындағы «Жабық тақырып» бағдарламасында маман жыныстық қатынас қынаптың кеңеюіне әсер ете ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында маман жиі қойылатын сұраққа жауап берді. Ол қынаптың кеңеюіне қатысты қалыптасқан қате пікірді жоққа шығарды. Маманның сөзінше, жыныстық қатынастың жиілігі қынаптың ұлғаюына мүлде әсер етпейді екен. 

«Әйел адамның жыныстық мүшесі солай орналасқан. Ол әрқашан оны жиып ала алды. Бала босанғаннан кейін де жаттығу жасап, өзін қалпына келтіре алады. Сондықтан қанша қатынас болса да, кеңейіп кету деген жоқ. Бірақ жатырға дейінгі вульваның ішіндегі бұлшықеттер жұмсақ болып келеді. Сол себепті оны жаттығу арқылы, дұрыс демалу арқылы қалпына келтіруге болады», - деп жауап берді маман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары