$ 494.87  520.65  4.91

Әлия Құдайбергенова: «Адамның бәрін топас көру - комплекстің бабасы»

«Кеше бір отырысқа бардым. Кішігірім тойға».

Журналист Әлия Құдайбергенова кейбір адамдардың көпшілік ортада өзін дұрыс ұстай алмай, басқаларды өзінен төмен көретіндігі жайлы сөз қозғады.

«Кеше бір отырысқа бардым. Кішігірім тойға. Алла-ай! Жасы қырыққа да толмаған бір келіншек (осында бар болу керек) есіктен кіргеннен адамдарды жеккөріп кірді, кетер-кеткенше бір сау адам қалған жоқ, түгел жамандап, мысқылдап бітті. Өзі ғана карамат, өзі ғана мінсіз. Қандай жаман!

Тура жалмауыздар сияқты. Не керек сонша негатив? Жап-жас қой. Ондай жаман энергия ақыры бір жерін тесіп шықпаса екен, дедім. Жан-жағындағылар үнсіз отыра бердік... Соны бір керемет көргеннен емес, "беті аулақ" деген ұстаныммен. Бәрібір пенде баласын тыңдайын деп тұрған ол жоқ!

Бүгін бәрі жақсы шығар, дәл анадай пиғылмен, ниетпен арықарай не болар екен?!

Шын айтам, шошып шықтым. Адамның бәрін топас көріп, өзін сұмдық сезіну - комплекстің бабасы негізі!», - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әлия