$ 498.34  519.72  4.85

Адамдар өз топастығына өзгелерді кінәлайды

«Біздің де сөзімізді құлағына қыстырған жоқ».

Адамдар өз топастығына өзгелерді кінәлайды. Желі қолданушысы Салтанат Абылбекова осылай деп Facebook әлеуметтік желісіне жазба қалдырды.

«Өткенде бір таныстың үйінде қонақта болғанбыз. Құдай салмасын бір үйде тұратын екі келінінің бір-бірімен басы піспейді екен. Үлкені кішісін отырса опақ, тұрса сопақ қылып отыр. Келген қонақтардан қымсынатын емес. Бір кезде үлкені кішкентай 7 айлық бөпесіне асылған еттің қамырынан беріп тамақтандырған болды. Арасында қойдың құйрық майын кішкентай бөбектің аузына қайта-қайта тықпыштай берді. Анадай құйрық майды сəби тұрмақ үлкен адамның өзі жей алмайтын шығар. 

Женге ауыр болып кетеді ғой -деген кіші келінге

-Жұмысың болмасын -деп жекіп тастады. 

Біздің де сөзімізді құлағына қыстырған жоқ.

Бала деген құйрықты көп жеу керек. Күшті болады. Бұрынғы ата-бабаларымыз балаларына құйрық май сорғызып өсірген. Солардан əулие емес шығарсыздар -деп біздің де аузымызға құм құйды.

Сонша құйрық майды жеген бала оңсын ба?

Оның үстіне баяғы заманның адамдары мен қазіргілерді салыстыруға келмейді. Құйрық майға жүрегі айныды ма,

ходунокта тұрған бала лоқсып жіберді.

Зəреміз зəр түбіне кеткен шығар. Отырған бəріміз орнымыздап түргеп, əлгі бөпеге жүгірдік. Бағанағы жеген құйрық майларын шығарып құсып жатыр.

Шешесі яғни үлкен келін бəрімізді оқты көзімен атып қарады.

-Көздеріңіз тиді əне. 

Баламды ауыртып қойдыңыздар!.

Ыңғайсызданып қалдық.

Шынымды айтсам, ол жерден кетуге асықтым.

-Мұнысы несі?

Адам өзінің топастығына біреуді кінəлəғаны дұрыс емес қой-десті қонақтар. 

Иə шынында да, кейде адамдар өзінің топастығынан, өзінің білімсіздігінен болған келеңсіз жағдайға, өзгелерді кінəлайтыны рас екен. Тағы көзім жетті», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы