ҚР Ішкі істер министрлігі жол-потрульдік полиция қызметкерлеріне «қызыл таяқты» (жезл) пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік таратқан ақпаратта жезлді қайтару тек жол қозғалысын реттеу үшін қажет екені айтылған.
«Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысын реттеуші полицейдің әрекеттерін жақсарту, әсіресе, қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ, жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің жезлді пайдалану тәжірибесіне қайта оралуды ұсынады», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Еске сала кетсек, 2017 жылдан бері Қазақстанда жол қозғалысын реттейтін полиция қызметкерлеріне ала таяқты пайдалануға заңмен тыйым салынған.