Дәрігерлер нақты диагноз қоймағандықтан баласынан «қатерлі ісік» табылған ана көмек сұрайды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Диана Әкментайдың сөзінше ұлы басында аяғы ауырғанына шағымданған екен. Кейіннен ыстығы түспей қойғасын ауруханаға жүгінген анаға жеңіл диагноз қойып берген.
Бала өміріне қауіп жоқтығын айтқан дәрігердің сөзіне сенген Диана қазір шарасыз күйде. Ыстығы түспей тұрған баланы дәрігерлер «доп» секілді теуіп, бір-біріне сілтеген көрінеді. «Осы жылдың, сәуір айынан бастап балам анда-санда аяғым ауырды деп шағым айтатын. Кейіннен аяғы ауырған күні ыстығы шыға бастайтын. Үшінші рет ыстығы шыққанда, мен баламды "№2 қалалық балалар ауруханасының» қабылдау бөліміне алып бардым. Мені «ыстығы шығып жатса, №1:ауруханаға барасыз. Біз емес солар сізді тексереді» -деп, мені №1 ауруханаға жіберді. Мен №1 ауруханаға келіп, дәрігердің қабылдауынан өтіп, анализдерді тапсырып, дәрігердің тексерісінен соң, «миалгия» деген диагноз қойды. Дәрігер бізге антибиотик және майды жазып беріп, анализ нәтижелері жақсы емес екенін ескертіп, өзіміздің учаскелік дәрігерімізге көріну керектігін айтты.
Біз Нұр-сұлтан қаласындағы «Ниет» емханасында тіркеуде тұрамыз. Сондағы дәрігеріміздің қабылдауына жазылып, анализ нәтижелерімен баламды алып бардым. Дәрігер бізге анализ нәтижелеріне қарап «никакого опасного анализа не вижу. При воспалений соя будет высоким. Продолжайте лечение» -деп , ат үсті қарап қайтарды», - деп бастады ана әңгімесін.
Қалымбетов Диас Арманұлы 2006 жылы дүниеге келген. Өзге балалар секілді еркін ойнап жүрген бала аяқ астынан денсаулығына шағым айта бастаған. Дәрігер жазған дәрінің күшімен тағы да бір айын өткізіп алған.
«Шілде айының ортасында, балам аяғы ауырып, қызуы 38-ден аса көтерілді. Сол күні кешке аяғына «настойка» жағайын деп аяғын ашқанда, аяғының арқа тұсын ісігенін байқадым. Сол уақытта, дәрігер шақырдым, дәрігер бізге аяғын тез арада МРТ ға түсіру керек деді. Ертесіне таңертең МРТ-ға түстік. МРТ бізге «киста» деген диагноз қойды. Біз оның нәтижелерің алып, «сосудистый хирургқа» бардық. Ол тамырлардың жақсы екенін, бірақ тереңде бір «образование» бар екенін айтты. Бізді онколог дәрігерге жіберді.
Дәрігер Алматы қаласына апарғанымыз дұрыс деді. Сол күні уақыт жоғалтпай ұшақпен Алматыға барып хирург және онкологқа көріндік. Олар бала аяқтан соққы алған сол жерге қан ұйып қалған яғни «гематома» бар деді және соның еміне дәрілер беріп, 2 апта бақылауда ұстап, гематома кетпеген жағдайда ота арқылы алып тастау керек деді», - деді Диана Әкментай.
Ауылда демалып жүрген олар қорқынышты ешнәрсе жоқ екендігіне қуанып Шымкентке қайта оралған. Бірақ баланың аяғы қатты ауырып, ыстығы түспей қойған. Дәрігерлер қайта тексерістен өткізіп, Нұр-Сұлтан қалсындағы «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығындағы онкология бөліміне жеткізу керектігін айтқан. Онколог дәрігерге жазылып оның қабылдауын 3күн күткен оларға КТнің нәтижесі бойынша аяқта ісік бар екені анықталды.
Ғылыми атауы - «Злакачественный альвеолярной рабдиосаркома».
Қазақстандық дәрігерлер Германияда емге аттану керектігін айтқан. Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеу үшін көп қаражат жиналуы тиіс екен. Әзірге ол жақтан хабар күтілуде.